Атаулы мереке қарсаңында устаздар мен оқушылар бірлесе "Қош келдің Жаңа жыл" атты мерекелік концерт дайындады.

Табалдырықты аттаған тышқан жылын біздің §3 ППТК ұжым жаңа бағдарламамен, жаңа көңіл-күймен қарсы алды. Атаулы мереке қарсаңында устаздар мен оқушылар бірлесе "Қош келдің Жаңа жыл" атты мерекелік концерт дайындады. Бүлдіршіндер түрлі кейіпкерлердің киi мiн киіп шағын көрініс қойды, бірі өлең оқып ата-анасын қуантса, енді бірі әуелете ән шырқады. Әсіресе балалар асыға күтетін бұл мерекенің сүйікті кейіпкерлері Аяз ата мен ақша қар устаздар мен бірлесе балалардың көңілін көтеретін қызықты ойындар ойнатты. Бұл іс-шараның тағы бір ерекшелігі мерекенің сәнін келтіретін шыршаны ұжымдағы устаздар өз қолынан жасады. Яғни шыршаның жанатын көйлегін өз қолдарымен тікті. Бұл да өз кезегінде мерекелік шараны ерекшелендіріп, керемет көңіл-күй сыйлады. Балаларға аяз ата жаңа жылдық сыйлықтарын беріп тағы бір қуантты . Мерекелік iс шараның соңында ата-аналар ұстаздарға алғыс білдіріп, барлығы бірге естелік суретке түсті.